Басқару серверіне және оның нысандарына қатынасу құқықтары

KLAdmins және KLOperators пайдаланушы топтары Kaspersky Security Center орнату кезінде автоматты түрде жасалады. Бұл топтарға Басқару серверіне қосылу және оның нысандарымен жұмыс істеу құқығы беріледі.

Kaspersky Security Center бағдарламасы қандай есептік жазба арқылы орнатылып жатқанына қарамастан, KLAdmins және KLOperators топтары келесідей құрылады:

KLAdmins және KLOperators топтарын қарау, сондай-ақ KLAdmins және KLOperators топтары пайдаланушыларының құқықтарына қажетті өзгерістер енгізу операциялық жүйенің стандартты басқару құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

KLAdmins тобына барлық құқықтар, ал KLOperators тобына — оқу және орындау құқықтары берілген. KLAdmins тобына берілген құқықтар жиынтығы өзгертуге келмейді.

KLAdmins тобына кіретін пайдаланушылар Kaspersky Security Center әкімшілері деп, ал KLOperators тобының пайдаланушылары – Kaspersky Security Center операторлары деп аталады.

KLAdmins тобына кіретін пайдаланушылардан бөлек, Kaspersky Security Center әкімшісі құқықтары Басқару сервері орнатылған құрылғылардың жергілікті әкімшілеріне беріледі.

Жергілікті әкімшілерді Kaspersky Security Center әкімшісінің құқықтары бар пайдаланушылар тізімінен алып тастауға болады.

Kaspersky Security Center әкімшілері іске қосқан барлық операциялар Басқару серверінің есептік жазбасының құқықтарымен орындалады.

Желідегі әрбір Басқару сервері үшін осы Сервермен жұмыс істеу шеңберінде ғана құқықтарға ие өзіндік KLAdmins тобын құруға болады.

Егер бір доменге жататын құрылғылар әртүрлі Серверлердің басқару топтарына кіретін болса, онда домен әкімшісі барлық осы басқару топтарының ішіндегі Kaspersky Security Center әкімшісі болып табылады. Осы басқару топтарына арналған KLAdmins тобы біртұтас болып табылады және бірінші Басқару сервері орнатылған кезде жасалады. Kaspersky Security Center әкімшісі іске қосқан операциялар олар іске қосылған Басқару серверінің есептік жазбасының құқықтарымен орындалады.

Бағдарламаны орнатқаннан кейін Kaspersky Security Center әкімшісі келесі әрекеттерді орындай алады:

Kaspersky Security Center әкімшісі таңдалған нысанның сипаттары терезесінің Қауіпсіздік бөлімінде әрбір басқару тобына немесе Басқару серверінің басқа нысандарына қатынасу құқығын тағайындай алады.

Сіз Басқару серверінің жұмысындағы оқиғалар туралы жазбаларды пайдалану арқылы пайдаланушының әрекеттерін бақылай аласыз. Оқиғалар туралы жазбалар Басқару сервері түйінінің Оқиғалар қойыншасында көрсетіледі. Бұл оқиғалардың маңыздылық деңгейі Ақпараттық оқиғалар; оқиғалар түрлері Аудит сөзінен басталады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center орнатқаннан кейін жүйеде орын алған өзгерістер

Басына оралу